29.01.2023
  333


Автор: Қуаныш Ермахан

Адам өзінің шынайы бейнесін танысқанда емес, айырылысқанда көрсетеді деген пікір бар.

Ол шынындада солай. Қыздармен танысудың практикасын жасап жүрген жігіттер осы шын бейнені және жасанды қылықты ажырата бастайды. Жігіттер де әр-түрлі масканы киіп, біреуі мачо, біреуі альфа-самец, біреуі джентльмен болып, өзінің дәл сол кездегі ішкі состояниесін сезініп, сол состояниеде жақындауды білмейді.


Өзін қинап, күшпен танысуды бастайды, ал ондай подходтың соңы толған отказдар. Сондықтан бізге келген жігіттерге ең бірінші айтылатын нәрсе - ол өзінің настроениесін дәл сол күйде пайдалану. Өзіңді толық сезіне бастағанда қыздар да, басқа адамдар да сенің настроениеңе байланысты қарым-қатынас жасайды. Бір сөзбен айтқанда, маска тақпай шынайы болуды үйренген жөн. Қыздарда да танысу кезінде осындай түрлі маскалар болады (әсіресе бірінше кездесуде). Кейін "қыз кезінде бәрі жақсы жаман қатын қайдан шығады" деген сөзді естіп жатамыз...


Сондықтан қызбен танысқанда маска киіп, жақсы көрінуге тырысудың керегі жоқ. Сол кезде қыздардан да шынайы қарым-қатынасты көруге шанс жоғары болады. Өйткені айналаңыз сізді көрсетіп тұрады (отражение). Қыздың шын бейнесін айырылысқанда ғана көреді екенмін деп күтпей, практиканы бастап, 1-ші свиданиеден-ақ белгілі біз беретін техникаларды қолданып, қыздың ішкі жағын біршама біліп қалуға болады. Тексерілген.





Пікір жазу