29.01.2023
  476


Автор: Қуаныш Ермахан

Әдемі, сұлу қыздар - өте қымбат келеді...

 


Яғни, сұлу қызбен кездесіп, жүріп-тұруға, отбасын құруға кез-келген жігіттің қалтасы көтермейді деген түсінік бар.


Бұл өте қате түсінік. Табиғатынан сұлу, көрікті қыздарға өзін таза ұстап, жасанды кірпік, қабақ, ерін, басқа да мүшелерін үлкейтіп кішірейтудің қажеті жоқ, тіпті косметикаға да аса қатты шығындалмайды. Тамағы мен тазалығы тура болса болды.


Ал керісінше жоқтан бар жасап, өзін одан да сұлу, көрікті етіп көрсетуге тырысып, сол үшін жасанды қас пен кірпіктен бастап өзгертетін (бастан төмен қарай) косметиканы тонналап жағып көшеге шығатын, қымбат бренд киімдерді киіп, осындай жасанды жолмен өзгеретін қыздар - қалтаға қымбат келеді.


Сондықтан жігіттер "Тойған жерден қыз алсаң, тойған сайын құлпырады, тоймаған жерден қыз алсаң, тойған сайын жұлқынады" деген сөз тура айтылған. Мына қыз өте әдемі екен, демек, мен оны көтере алмаймын деп ойлау - ол жігіттің басындағы дұрыс емес установкадан. Бүгіннен бастап шынайы, табиғи сұлуларға көңіл қойып, табиғи сұлулықты айтып, мақтап, көтеріп жүріңіздер. Сол кезде жасандылық ақырындап тоқтайтын шығар деген ойым бар


 


Сіздер қалай ойлайсыздар?





Пікір жазу