Қыздармен қарым-қатынаста мына нәрселерді жасауға кеңес бермеймін
⠀
– Ешқашан оған кемшіліктерін айтпағаныңыз жөн. Оның бойында сенімсіздік қалыптастырасыз, ал бұл нәрсе кейін өзіңізге удар болуы мүмкін. Басқа жолын табыңыз: фитнеске абонемент беріңіз немесе сұлулық салонына жібергеніңіз дұрысырақ болады;
⠀
– Әйелге негізі көп нәрсе керек емес (материалдық заттар жайлы емес), ең бастысы оны тыңдау керек. Қаншалықты қиын болса да, бұл сіздің миссияңыз және оны тұрақты түрде орындасаңыз, оның алдында рейтингіңіз өседі
⠀
– Ешқашан жұмыс немесе дамуға (ақшалай болсын) қатысты әйелдің қалауларына шектеу қоймаңыз! Сіз оны қамтамасыз етесіз, сонымен бірге оған шектен тыс тыйым салсаңыз және әрекет етуге мүмкіндік бермесеңіз, бұл сіздің сенімсіздігіңізден. Көбісі ойлайды: егер ол өзін қамтамасыз ете бастаса, ол мені тастап кетеді, немесе басқасы. Келіспеймін. Оны кез келген бастамаларда қолдаңыз, ол да сіз сияқты өзін осы өмірде тауып, жетістіктерге жеткісі келеді.
⠀
– Оның подругаларымен, араласатын адамдарымен қарым-қатынасты шектеуге тырыспаңыз. Егер сіз оған кіммен сөйлесу керек және кіммен сөйлеспеу керектігін айтып, миын жесеңіз - оған бұл нәрсе ұнамайды. Кейін тағы да өзіңізге удар болып келеді. Егер сізге ұнамаса, алыстан араласуға болады. Бұл осы ситуациядан шығудың ең жақсы жолы.
Жігіттер, бастысы бұл жазғандарды асырып істеп, немесе мүлдем істемей қоюдың керегі жоқ. Әр нәрсенің алтын ортасы бар емес пе? Кез-келген уақытта алтын ортасын ұстаныңыз.
Өзіңізге көп алмаңыз