20.01.2023
  274


«Жоқ! - деп айтуды үйрен»

«Жоқ! - деп айтуды үйрен»


«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.  «Жақсымен жүрсең жетерсің мұратқа, жаманмен жүрсең қаларсың ұятқа»-демекші жаман адам болу оңай. Адамзат жаман болып туылмайды, жаман іс-әрекеттері арқылы қоғамға зиянын тигізу арқылы, жаман қылықтары мен санасын төмен, жағымсыз тұстары мен жаман адам қалпын қалыптастырады.  Өкінішке орай бұл қоғам дертіне айналған нашақорлықты шетел ғалымдары зерттеу барысында адамзат бар жерде мүлдем жойылып кетпейтініне көздері жеткен. Яғни нашақорлықты жер бетінен жою мүмкін емес деп отыр. Синтетикалық заттан келер қауіп- адам ағзасының зақымдалуы, жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрендик жүйлерді сонымен қатар есте сақтау, ми қабаттарын зақымдайды.


Нашақорлық жұқпалы дерт секілді бірінші қызығушылық танытып, бір рет тартып қолданып, көріп соңында айықпас дертке айналады. Осы тұста жас өспірімдерге ата-налар және ұстаздар тарапынан ақ пен қараны, жақсы мен жаманды саналарына сіңдіру мақсатында көп жұмыс жасау қажет. Ата -бабаларымыз денсаулықты байлықтан жоғары қоюынан-ақ оның қадірі мен мән мағынасы қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама. Зиянды заттардан, тәрбиелік қасиеті жоқ мағынасыз есірткіні тұтынудың қажеті не. Бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. 


Қоғамның дамуы мен қатар жасөспірімдердің болашағы осы сұм дерттен аман болса, біз Жаңа Қазақстан түпкі мақсатын, өсуі мен болашағына ойланбастан нық сеніммен қадаммен басар едік деген сенімдемін, Нашақордың  нысанына мойынсынбайық...


 Біз жастар еліміздің болашағымыз! Елдің болашағы бұлыңғыр болмауы тиіс. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» - деп ұлы  Абай атамыз  айтқандай өмірімізге балта шаппайық, жарқын болашағымызды қараңғы етпейік-деп замандастарға, аға буынға үндеу тастаймын!


Қараңғы етпе жас өмірдің аспанын,


Өмір өтер сондай қысқа қас қағым.


Қасіртке айналмасын тағдырың,


Уланбасын есірткіге жас жаның! –демекпін.


 


Шиелі ауданы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің


9 «Б» сынып оқушысы Үйсінбай Айшолпан


 


#есірткігеқарсы


#противнаркотиков





Пікір жазу