16.01.2023
  583


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Жақсы көрем сіздерді

 


Өміріме кіргендер саламатсыз?
Тербелмесе, бұл жүрек қанағатсыз!
Жақсы көрем сіздерді, қалпыңызбен,
Тағдырларды тізуге аманат қыз!


Жау жағама жармасса, дес бермеген,
Ісім өтсе кішкентай,
қастерлеген
Жақсы көрем сіздерді ағайын-дос,
Тұлға жасап шығарған, жас кеудеден.


Толғатқанда шырылдап шыбын жаным,
Салып берер, жырыма шырын балын.
Жақсы көрем сіздерді оқырманым,
Тілегімен ұқтырған ғұмыр мәнін.


Бірде көл, бірде шөл боп құлдиладым,
Сіздей боп, өзгереді ылғи жаным.
Жақсы көрем сіздерді Алла үшін,
Көріңіздер шаттықпен, Күн дидарын!





Пікір жазу