Бапталамын
Айыптымын!
Менменшілдік жүріпті жайып мұңын.
Төмендігін білсем де, мен затымның
Дедім ылғи биікке лайықтымын.
Ханнан бұрын ханшайым болам деппін,
Адамдыққа демеймін лайық мұным!
Жылағансыз.
-Өмір жарқын дегендей мына жансыз.
Тағдырым деп, сонда да, сабыр сақтап,
Сіз бірінші кешірім сұрағансыз.
Көзіңізден көрсем де, иілмедім,
Ал жүрегім, езіліп жылаған жүз!
Түсінбестік,
Арамызда жүріпті, ісін бес қып.
Көрінгенге алданып, жақындардың,
Жүрегінің тілімдеп ішін кестік.
Ақыласып жүріппіз ақымақ боп,
Ал туыстар, біздердей ісінбес түк!
Мақтанамын.
Жауыңызды көргенде таптағанын.
Иманы бар, сауатты намысқойсыз,
Тіліңізбен турайсыз даттағанын.
Білінбейтін көркемдік, басым сізде,
Көрінгенмен құлақсыз, бапталамын.
Бақыттымын.
Бағаладым өмірдің татып мұңын.
Жылатқандар, жақыным, жаным екен,
Жұбатқандар жылап жүр, жатып бүгін.
Міндетімді атқарам аман болсам,
Биік ұстап әулеттің, бақыт гүлін!