ЖАРНАМА
Жарнама — заңдастырылған өтірік.
Герберт Уэллс
Дұрыс ақпар берейік елге біздер,
Жарнамаға ағайын сенбеңіздер.
Көкжəшікпен құлыптап саналарды,
Айтақшының соңынан ермеңіздер.
Таралуда өтірік жарнамадан,
Оған сеніп ендеше болма надан.
Жүрегіңді иманмен нұрландырып
Ақиқатпен басыңыз алға қадам.
Аңқау жұртты өзіне құнықтырып,
Жарнамадан жатыр ғой үгіт жүріп.
Ішімдікке жастарды насихаттап,
Ел жадынан саулықты ұмыттырып.
Болмағасын сауатың жарық берер,
Өтірікке қу жаның анық сенер.
Сырты жылтыр нəрсеге иланбаңыз,
Жарнамада барлығы дəріптелер.
Ізгілікке ұмтылсын халық нағыз,
Əр хабарды мұқият парықта жүз.
Қандайда бір өнімді алмас бұрын,
Ең алдымен сапасын анықтаңыз.
Түстім екен торына қай наданның?
Барлығыда жарнама айналамның.
«Пепси-кола» қатерлі нəрсе екен,
Бірақ, оны өзімде пайдаландым!
Пайдаландым, ашығы байқамадым.
Пайдалы деп қымызды айта аламын.
Жарнамаға ағайын сенбеңіздер,
Жарнамадан бəріңді қайтарамын.