14.01.2023
  244


Автор: Есбол Бозан

ТЕРРОРШЫЛАР

Терроризм — латын тілінен аударғанда «үрей тудыру», «қорқыту» деген мағына береді. Террорлық əрекеттің салдарынан бір мезетте жүздеген, бəлкім мыңдаған адам зардап шегуі мүмкін. Терроризмнің артында астыртын саясаттың болуы кəдік. Сол саясаттың аясында лаңкестік əрекеттер орын алып жатады.


Алайда, біз əлі күнге бір нəрсенің төңірегінде қатты шатасып келеміз. Ол Ислам дінін терроризм діні деп есептеу. Бұндай сенім тек сауатсыз санадан ғана туындайтыны анық. Шəкəрім атамыздай сақал қойып, Дина апамыздай орамал тағынған діндес бауырларымызға қырын қарайтын адамдардың қатары азаймай тұр. Бұның бірден бір себебі, — ол надандық! Əлбетте, діннің атын жамылып жүрген жандардың бар екенін ешкім жоққа шығармайды. Алайда, бəріне бір үкім беру үлкен əділетсіздік   емес пе?! Егер он адамның көзін жойғанды «террорист» деп есептесек, тарихта миллиондаған адамның тұқымын тұздай құртқан тұлғалар болды ғой. Оларға қандай ат береміз?! Саналы адам шындықты шынының арғы жағынан іздемесе керек.


Үй ішінен бұл күні қапас құрдық,
Мəңгүрттену індеті күрт асқынып.
Санамыз экранға байланған соң,
Ислам дінін соғыспен шатастырдық.
Ұмтылғасын шыбындай боққа бəрі,
Ақиқаттан ешкімнің жоқ хабары.
Көксандыққа иланған надан халық,
Қайдан ғана айырсын ақ қараны.
Дер кезінде келмесе ақылға кім,
Шындыққа балайды соқыр бəрін.
Көпшілігі білмейді-ау ғаламторды
«Масондар» басқарып отырғанын.
Сескенетін өтуге жат алдынан,
Бұрында Əбілқайыр аталды хан.
Сондықтан, бүгінгі қызтекелер,
Əлі күнге қорқады сақалдыдан.
Санаңның шыққан соң күл талқаны,
Рухани болмысың шыңдалмады.
Сақалдыны «бандит» деп есептесең,
Лев Толстой сен үшін кім болғаны?
Ұмытқандар өзінің атын-тегін,
Тапталсын астында бəтіңкенің.
Абай мен Шəкəрімді «террорист» деп,
Атауға бара ма дəтің сенің?
 
Тірелсеңде бұлжымас ойға келіп,
Бəрібір ақиқатты байқар елің.
Мен нағыз «террористтің атасы» деп,
Сталин мен Ленинді айтар едім.
Себебі, коммунизм дін аталып,
Қараңғыда күн кешті мына халық.
Кəпірлену вирусы етек алды,
Азғындықта дамыды қуат алып.
Енді мүлтік іздейсің басқа кімнен?
Айналған ба жүрегің тасқа мүлдем.
Аты өшкір Голощекиннің себебінен,
Алты миллион Қазағым аштан өлген.
Көрсеткен де ұлт үшін халқым ызбар,
Бұған қарсы жасалды бар жұмыстар.
Сол үшінде Горбочев дегендерді.
«Террорист» атауға хақымыз бар.
Сарайларды қиратып көп қабатты,
Басқыншылық құрғанда салтанатты.
Гитлер қолға түскен тұтқындардың
Барлығын тірідей отқа жақты.
Əйтпесе, асылдан жырықты аңдып,
Құдайдың қаһарына жолыққан көп.
Көзі ашық жамағат, Ғирақтағы
Джордж Буштың бүлігін ұмытқан жоқ.
Күдік пен күмəннан ой ағармай,
Табаның құрдымға таяған жəй.
Намазхан адамды қарақшы деп,
Əлі жүрсің ұйқыңнан ояна алмай.





Пікір жазу