АЗҒЫНДЫҚ ОШАҒЫ
Түнгі клуб біреуге жаттанды ұран,
Мен одан сіздерді сақтандырам.
Қатынға ұқсаған еркектерді,
Қалайша жұртыма мақтан қылам?!
Сен əуелі өзіңмен таныс жігіт,
Бойыңнан жоғалған намыстылық!
Қайшымен қасыңның шетін ойып,
Шалбар кидің бұтыңа жабыстырып.
Айырылып адамдық дара күштен,
Жасөспірім азғындап барады іштен.
Кемпірде бар бұл жерде қырықтағы,
Шалымен қосылып арақ ішкен.
Төбелеске ұласып ойдағы ұран,
Төбесінен олардың шайтан ұрар.
Қажет қылып білімді алмаған соң,
Əдептілік жоғалған бойларынан.
Есірткімен салсаңыз миға кірбің,
Бұл деген ісі емес ширақ ұлдың.
Түнгі клуб ошағы – азғындықтың,
Түнгі клуб мекені – зинақордың.
Пасықтық адамды мал қылады,
Бұған енді кімдердің бар күмəні?
Осы жерге ынтығып келген адам,
Неше түрлі ауруға шалдығады.
Ібілістің осындай сарайы бар,
Бұзақылық қаптаған маңайын əр.
Салауатты өмірді қайдан ұқсын,
Тазалықты білмейтін жабайылар.
Болу үшін сауатты, жұртым мықты,
Пайдалана білейік мүмкіндікті.
Ашайық кітапхана, спорт залды,
Құртайық түбімен бұл сұмдықты.