13.01.2023
  160


Автор: Есбол Бозан

МҰСЫЛМАННЫҢ КҮНДЕЛІГІ

«Кез келген саналы адамның ең соңғы табан тірер  жері — ол Ислам!»
Лев Толстой 



Қандай ғажап өмірі мұсылманның,
Қиналғанға қол ұшын ұсынған мың.
Жоғалтпай мүмінге тəн ибасын,
Тастамайтын тілінен кəлимасын.
Бес уақыт намазын оқып күнде,
Ғибадатсыз бұл өмір бақыт кімге?
Қандай ғажап өмірі мұсылманның,
Раббысын жүрегімен танып білген.
Жұрттың əрбір қадамын сөз қылмайтын,
Арақ ішіп ағзасын тоздырмайтын.
Тозған дене жел тұрса қирап қалар,
Ал мұсылман керісінше ширақ болар.
Таза ұстап күтетін үсті-басын,
Қия басып білімге ұмтылатын.
 
Адамдыққа кереғар ісі қаптап,
Шылым шегіп жүрмейді тісі құрттап.
Алланы көп еске алып аз ұйықтайтын.
Құлшылық қылудан жалықпайтын.
«Іші тарлық» жөнінде дым білмейтін,
Өсек тыңдап санасын бүлдірмейтін.
Мұсылманның өмірі қандай ғажап!
Жан дүниесін жаулаған балдай рахат.
Бағытын жанжалдан қылған аман,
Боқтық сөзбен ауызын былғамаған.
«Алланың разылығы үшін» деп ол кенет,
Міскіндер мен жетімге берер көмек.
Жасаса да игі іс, дара міндет,
Тырыспайды алғысыңды аламын деп!
Аз тапса да барына қанағат дер,
Жұма намазын оқитын жамағатпен.
Дидарынан жылулық байқалатын,
Халықты жамандықтан қайтаратын.
Мұсылманның өмірі қандай ғажап!
Жаратқанға шүкірлік айта алатын.





Пікір жазу