13.01.2023
  114


Автор: Есбол Бозан

ТƏКАППАР КЕДЕЙ

«Аллаһ тағала Қиямет күні үш адамға қарамайды:
Зина жасаушы қарт. Өтірік үкім етуші. Тəкаппар кедей».
(хадис)



Мұсылман менде жоқ демейді еркін,
Əрі ол мұқтаждарды еш мұңайтпас.
Алайда, əлемдегі кедейлердің,
Бəрін бірдей момын деп ешкім айтпас.
 Кей жарлының танауы өрге басты,
Өрліктің болған соң күші басым.
Аллаһ үшін алдына берген асты,
Қайтадан өзіңе ұсынатын.
Иығына көтеріп қара тасын,
Ол өзінің халімен таныс болар.
Бірақта, жұрттың берген садақасын,
Алуға өлердей намыстанар.
Залым адам ішкенін тəтті демес,
Шүкірсіздік, ауру ғой наданға тəн.
Патшаның кербездігі жақсы емес,
Пақырдың менмендігі одан жаман.
Əл ауқаты адамның молайса анық,
Ұмыта бастайды екен жалған жайлы.
Таршақтағы кедей де сарай салып,
Бір сəтке бай болуды армандайды.
Жұрттың берген көмегін қабыл алмай,
Жасырады халықтан мұқтаждығын.
Жаратушы Раббыңды танып алмай,
Жүрегіңнің түбіне шықпас гүлің.
Болсақ-тағы байлыққа түбі қарық,
Есебі оның сұралмай ма өлсек бірден.
Не шығады кредитке көлік алып,
Өзіңді «бай» етіп көрсеткеннен.
Ризық беруші Құдайды танып алмай,
Байлық үшін тартысып, кектесеміз.
Несиеге алған нəрсенің мəні қандай?!
Сол нəрсеге еңбекпен жетпесеңіз...





Пікір жазу