13.01.2023
  117


Автор: Есбол Бозан

ШАҚЫРУ

Уа, халайық, халайық!
Мешітке бүгін барайық.
Құлшылық қылып Аллаға,
Еселеп сауап алайық!
Жұмаға қарай жақындап,
Күнəдан алыс болайық.
Алланы пəктеп күн сайын,
Ораза ұстап жыл сайын.
Ақырет күні болған да,
Алтыннан алқа тағайық.
Шайтанға құлақ тоспайық,
Күнəға есік ашпайық,
Ешкімге мұқтаж болмаған,
Аллаға серік қоспайық.
Намаз оқып бес уақыт,
Аллаға сəжде етейік.
Сабыр сақтап əрдайым,
Сынақтан ептеп өтейік.
Сүннет жолын ұстанып.
Жеңіске бірге жетейік.
Тəніміз көрге жеткенше,
Сауаптар жинап кетейік.
Мешітке бүгін келіңдер,
 
Ақиқат жолға еріңдер.
Ықылас қойып Аллаға,
Мұқтажға көмек беріңдер.
Сөзімді есті жан ұғар.
Дұшпаның нəпсі, танып ал.
Жаратқан жалғыз Аллаға,
Қылмасаң егер құлшылық,
Өмірдің қандай мəні бар?!





Пікір жазу