ҰЛЫЛАР МЕН ҰРЫЛАР
Сəулесіне малынып жарық айдың,
Мен келемін, келемін,
Хəлім айқын.
Зерделесем мың жылдық тарихымды,
Еске түсер ерлігі Абылайдың.
Үлгі тұтам өзіме ақындарды,
Қалғанын білмеймін...
Танымаймын!
Ақын жолын еш адам,
Мұңды демес.
Мұңды демес, ақын ол
Мұзды белес.
Олар маған айтады құнды кеңес.
Сен мақтаған қазіргі əртістердің,
Ешқайсысы мен үшін жұлдыз емес.
Ойын қайғы басса да,
Жанын жара.
Ол кезеді даналық бағын ғана.
Батыр,
Ақын,
Жазушы,
Ғалымда да...
Жұлдыз сынды көктегі жымыңдаған,
Қалғандары жəй əшейін сағым ғана.
Олар төгер сəулесін адамзатқа,
Олар жүрген Пайғамбар маңында да.
Сондықтан да жас ұрпақ,
Ойланыңдар!
Шыңыраудың түбіне бойладыңдар.
Бойында таланты жоқ адамдарды,
Дəріптеуді неліктен қоймадыңдар?
Үлгі тұтам өзіме ғалымдарды,
Қалғанына...
Қойғаным, бар!
Ойланыңдар!!!