13.01.2023
  157


Автор: Есбол Бозан

ЫСЫРАП

«Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер. Күдіксіз
Аллаһ Тағала ысырап етушілерді жақсы көрмейді».
«Ағраф сүресі», 31-ші аят.
Желге ұшып жасаған қанша амалың,
Төгілуде далаға ақшаларың.
Қайран, елім қайтейін, апта сайын
Той жасаудан бір сəтке шаршамадың.
Жол бердің ғой Қазағым қателерге,
Бұл ісің елге құт əкелер ме?
Кісі қайтса өмірден, қуанғандай
Қонақ асын береміз кафелерде.
Мəр-мəр таспен көркейді молалар да,
Бұл сұмдық елімнен жоғалар ма?
Кісі мəйітін алтыннан тұрғызсақта,
Сауап болып жарытпас ол адамға...
Ысыраптың анық қой бəле екені,
Оны ұқпай біреулер əн етеді.
Бұны көріп кейбір шала молда,
Қалтаңнан сыйақы дəметеді.
Жетпеген соң адамда діни білім,
Қайғы келсе өзіне тілейді мұң.
Олар үшін, шектелу шариғатпен,
Қылмыс жасағаннан да үрейлі ұғым.
 
Қайыр болмас, касыңа ишанды алып,
Қырықтыққа малыңды қисаңда көп.
Себебі, аталған нəрселердің —
Біреуіде ешқандай Исламда жоқ.





Пікір жазу