13.01.2023
  94


Автор: Есбол Бозан

БӨТЕНДЕР

Əбу Һурайрадан жеткен хадисте (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) былай дейді: «Ислам бөтен болып келеді, жəне бөтен болып кетеді. Сол бөтендерге — жəннат болсын!».
Имам Муслим


 


Ассалаумағалейкүм, бауырларым,
Аман болсын əрдайым ауылдарың.
Сүннетке қаншалық ерген сайын,
Сынақтарда келеді, ауыр мəлім.
Шарпып өтер бойыңды бəлкім қайғы,
Бір күнде өзгертіп жарқын жəйді.
Біл бірақ, сабыр етсең, сол арқылы
Ақыреттік жеңісте жақындайды.
Сенімдерің əрдайым хақты білген,
Дүмшелердің жолынан қақ бөлінген.
Құран менен сүннетті ұстанғандар,
Қай кезде де қоғамға жат көрінген.
Адамдар көп сүннетті қолдамаған,
Оған ерсем адасып жолда қалам.
Жұма сайын нəр алсам дағуатыңнан,
Жеткілікті қуаныш солда маған.
Армысыңдар бауырлар, дінге берік,
Насихатын айтатын күнде келіп.
Жол тұтып Пайғамбар салған ізді,
Ислам деген кемеге мінген едік.
Ақыреттік бақытты жөн көргесін,
Аз болмайды келетін сендерге сын.
Адамның ғұмыры жайнамай ма,
Жүрегінде иманы гүл бергесін.
Бойыңдағы нəпсіні шынықтырып.
Қиындықты қарсы ал, күліп тұрып.
Сабыр сақтау лəззаты басқа түскен,
Бейнетті жібереді ұмыттырып.
 
Таралса да өсектер күнде кешке,
Біз оны алмаймыз мүлдем еске.
Жəннатқа кіру үшін, Жаратқанның
Мейіріміне бөленсек болды емес пе?
Айтса мейлі «білімнің тереңдігін,
Қазбалап қайтеміз» – дегенді кім?
Көпшілігі білмейді, шын бақыттың
Құран менен сүннетте екендігін!
Жүрер болсаң тақуа жанға айналып,
Алданбайсың дүниеге таңдай қағып.
Мұсылманның бір жұтым қара суға,
Шүкіршілік еткені қандай бақыт.
Болмаса да ішінде асқақ арман,
Орны оның тым бөлек басқалардан.
Алланың разылығын аламын деп,
Уақытын далаға шашпағандар.
Қос дүниенің бақыты дін дегенде,
Аз болдыма кекетіп, тілдегендер.
«Сектант» деп момынды жазғырады,
Сүннеттің негізін білмегендер.
Сақал қойып, орамал тағынғандар,
Шариғаттың заңына бағынғандар.
Жалғыз ғана Алладан жəрдем тілеп,
Жалғыз ғана Аллаға табынғандар.
Сауық іздеп кафеге бармағандар,
Жын-ойнаққа құлағын салмағандар.
Өзімнің ақылыма жүгінем деп,
Дəстүрді дін қылып алмағандар.
 
Пайғамбардың сүннетін ұстанғандар,
Ғибадат пен сауапқа құштар жандар.
Сондықтан да дүмшелер екі жүзді,
Оларға əрдайым дұшпан болған.
Расымен өз Құдайын тапса ішкі ой,
Бұл əркімге бұйырмаған бақ-табыс қой.
Өз дініне бекем болған тақуаның,
Қоғамға жат болуы мақтаныш қой.





Пікір жазу