13.01.2023
184
КЕМПІРБЕТТЕР
Шалдар бар рухани ақсаған көп,
Күні-түні саясатты қақсаған тек.
Олардың көріп-ап түксіз бетін,
Айтуға ұяласың ақсақал деп.
Алланың ырзалығын қалап өскен,
Жас бала олардан болады үстем.
Елімде қариялар азаймай тұр,
Тойларда би билеп, арақ ішкен.
Имансыз жан көңілге түймек нені?
Жаман болды-ау үлкеннен сый кеткені.
Айтыңдаршы, Сталин мен Лениннің,
Осы ма сіздерге үйреткені?
Қалдың сірə, бəрінен мақұрым боп,
Ұрпағыңа айтатын ақылың жоқ.
Бойыңда имандылық қалмаған соң,
Кішілердің алдында қадірің жоқ.
Байсалдылық жоғалып саялы ішкі,
«Қылт» етіп басыңнан баян ұшты.
«Құдай жоқ» деп зарлаған адамдардың,
Жағдайы не деген аянышты!