НЕ ДЕП ЖАУАП БЕРЕСІҢ?
Білмесең «момын» деген халықты үздік,
Оларға жала жаппа, жазықсыз түк.
Құдай сүйген жандарға дұшпан болу,
Екі дүниеде сорлатар бақытсыздық!
Имандыға ақыретті заңды ойлаған,
Біреудің өсегі үшін болмайды алаң.
Сақалдыны «террорист» деп есептеген,
Адамдардың түсінігі қандай жаман!
Дінді айтса күбініп, долығасың,
Əлі талай айтылар бұныңа сын.
Тəубеңе кел қарағым, əйтсе дағы
Алланың қаһарына жолығасың!
Момынға бөгеймін деп жолды барша,
Жүрегіңе қара дақ толды қанша...
Сен өзіңе есеп бер алдыменен,
Мұсылманның қатесін аңдығанша...
Ақиқатты айтқанды жамандама,
Жалтаңдама замандас, маған қара.
Мұсылманды өлердей жек көреді,
Тек қана имансыз адам ғана!
Өтірікпен айналар қиял өртке,
Тақуаға тіліңмен зиян етпе.
Əр сөзіңді есепке тартса Құдай,
Не деп жауап бересің Қияметте?