АПАМА
Сəлем, Апа! Сəлем берді інің саған,
Қара түнде қолына қалам ұстап.
Мен қазір жүрегімнің мұңын шағам,
Көңіліңді бөліңіз маған бір сəт!
Көп сыр бар еді ішімде айтылмаған,
Сол сырды мен бүгін ақтарамын.
Дүние салған əжемді еске алып,
Кей кездері жылауға шақ қаламын.
Сабыр керек адамға салиқалы,
Құл болу үшін де Хаққа нағыз!
Сол кісінің соңынан ертеме кеш,
Бəрімізде бір күні аттанамыз.
Өткінші қуанышқа ерген күндер,
Көз алдыңнан əбсəтте өтеді екен.
Апатайым, өмірге келген пенде,
Дəл солай өмірден кетеді екен.
Мен отырмын көңілсіз өлең жазып,
Бейтаныс қаланың бір шетінде.
Бұл өмір жəннатқа кіру үшін,
Бір мүмкіндік берілген əлдекімге.
Шығыстан қарсы алам шұғыланы,
Бес күндік ғұмырдың қоса таңын.
Көңіл қанша өзгеріп құбылады,
Сондықтан да шерімді босатамын.
Фəниден əжеміз қайтқан кезде,
Күңіренді теңселіп шаңырақ бір.
Баяғы əжеміз жатқан бөлме,
Бұл күні сыз тартып қаңырап тұр.
Езілгенмен жабығып көңіл қанша,
Білеміз ғой ақтық жер «көр» екенін.
Қос жанарым сұйылып, жұмылғанша,
Əжем үшін Алладан дұға етемін!
Не бір ойдың елегі туар іштен,
Жатырғанда жүректі нала басып.
Апатайым, əрдайым қуанышпен,
Қайғы бірге жүреді жағаласып.
Барлығы пешене Алла жазған,
Көнгеніміз абзал іштен тынып.
Аман-есен оянған əр күніміз,
Біздерге берілген мүмкіншілік.
Аллаға құлшылық еткен адам,
Жетістікке жетеді айдан анық.
Осы бір берілген мүмкіндікті,
Неліктен қалмасқа пайдаланып.
Əрқашан отбасыңыз болсын аман!
Балаларың той жасап, құлын асып.
Ал қызыл гүлдерге толсын алаң,
Қызғалдақтар көктемде бүрін ашып.
Солай, Апа... Уақытты біз кетіріп,
Жүргеніміз болады бəлкім, айып.
Сондықтан ертерек Жаратқанға
Құлшылық қылуға талпынайық.
Ешкім алмас өмірде мəңгі демді,
Қасіретке иманды төзім шыдар.
Осы жерден аяқтайын əңгімемді,
Бұл менің ең соңғы сөзім шығар...