13.01.2023
  306


Автор: Есбол Бозан

Атамекен

Атамекен туған жерім, туып өскен,
Осы жердің нанын жеп, суын ішкем.
Мен үшін əрдайым құның қымбат,
Мен үшін əрдайым туың үстем.
Ынтымағы жарасқан байтақ елдің,
Топырағын сағынып қайта келдім.
Сөзбен айтып жеткізгісіз табиғатын,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Соңғы жылда отаным гүлденді мың,
Бейбітшілік байқалып елден бүгін.
Ұмытпайық, осының барлығы да
Алланың қалауымен келгендігін.
Ата-бабам дұшпанға сермеп қылыш,
Айбары мен айбынын өрлетті жүз.
Біз енді бұл жерді өл-өлгенше,
Ата жаудан қорғауға міндеттіміз!
Оның шарты шығарып көп дауда ма,
Өзгелерге мылтықты оқтауда ма?
Отанды қорғаудың жалғыз жолы,
Құран менен сүннетті сақтау ғана!
Себебі, Пайғамбар салған ізді,
Ұстансақ, рухымыз болмақ ізгі.
Сонан соң, кез-келген дұшпаныңнан,
Қорғайды Алла бізді.





Пікір жазу