13.01.2023
142
ТІЛЕК
Болашақты ойласам, қамығамын,
Өткен күнді толғасам, сағынамын.
Жалғыз ғана Алладан пана тілеп,
Жалғыз ғана Аллаға табынамын.
Уа, Жаратқан,
Жүзімді арайландыр!
Жүрегімді тазалап қарайған бір.
Халқымды бастай гөр тура жолға,
Шашылсын, төгілсін, маңайдан нұр.
Тақуаның сөзі бал, жаны маржан,
Олармен дос болу анық арман.
Жалғыз Алла патшасы əлемдердің,
Одан басқа құдайдың бəрі жалған.
Уа, Жаратқан,
Ұмтылса түнекке кім,
Қасіретім қалады үдеп менің.
Исламнан алыс болған достарымның,
Құлшылыққа аша гөр жүректерін.
Еске алсам өмірдің жиі мəнін,
Ала-ғұла ойлардан тыйыламын.
Жалғыз ғана Алладан жəрдем сұрап,
Жалғыз ғана Аллаға сыйынамын.
Уа, Жаратқан,
Парызың ғибадат дүр.
Ол адамның жанына сыйламақ гүл.
Екі дүниенің бақытын нəсіп етіп,
Отбасымды бір өзің хидаят қыл!