13.01.2023
  155


Автор: Есбол Бозан

Сүймегенді сүю қиын

Сен үшін Дунайды кешіп өттім,


Гималайды, Альпіні асып өттім.


Мен саған ұсындым жүрегімді,


Сен маған азапты нәсіп еттің!


 


Сен үшін экваторды кесіп өттім,


Сахараның құмдарын басып өттім.


Сонда да, жүрегім қала берді,


Символына айналып қасіреттің!


 


Бардым мен Вавилон бақтарына,


Сені іздеп жүрегім ақтарыла.


Өкінем қалғаныма сені сүйіп,


Өкінем сені көрген шақтарыма!


 


Бар ойым сені ұмыту ендігі,


Құлағыма жалғыздықтың келді үні.


Сен Ләйлә бола алмайсың бәрібір,


Менен Мәжнүн шықпайтыны белгілі.


 


Есбол БОЗАН


08.01.23


 


 





Пікір жазу