13.01.2023
256
Ғашықтық жыры
Ғашықтық па?
Кеттім одан безіп мен,
Бұрын оның мехнатын сезіп пе ем?
Ғашықтықтан жылымапты жүрегім,
Ғашықтарым көп болса да кезіккен.
Ғашықтық па?
Ғашықтықтан безіндім,
Бәрі зая ғашық болған кезімнің.
Жүрегімнің құлып салып аузына,
Өзімді жайбарақат сезіндім!
Қайтем енді,
Қалмағасын басқа амал?
Ғашық болсаң жанарыңнан жас тамар.
Ғашық болу – өз жаныңды азаптау,
Ғашықтық ол алынбайтын тас қамал.
Ей ғашық жан...
Өлеңіме бар ма сын?
Ғашықтықты Құдай басқа салмасын.
Ғашықтардың тең жарымы бақытсыз,
Махаббатты түсінуден қалғасын.
Есбол БОЗАН
2022 жыл