13.01.2023
  181


Автор: Есбол Бозан

Қара қыз

Көтеріліп қалады менің еңсем,


Кенеттен қара қыз сені көрсем!


 


Сен десе азынап тұрады ішім,


Неге екенін қара қыз ұғамысың?


 


Қызғаныш өз жүгін салар жанға,


Қимаймын сені бөгде жанарларға.


 


Ауыртпасын қызғаныш жанды неге,


Біреулер тартса сені әңгімеге?


 


Түсінбес іштегі назымды ешкім,


Кейіпкері тек өзің әрбір кештің.


 


Қарасын алдыңда көзім жерге,


Сені мен қызғанамын өзімнен де.


 


Демеймін алайда «қалдым сүйіп!»


Онсыз да көп тұстары жанның күйік.


 


Тек өзіңді сыйлаймын, бағалаймын,


Ғашықпын деп өзімді санамаймын.


 


Есбол БОЗАН


Шілде-Тамыз. 2022 жыл





Пікір жазу