12.01.2023
  173


Автор: Жәди Шәкенұлы

ЕКІ ДҮНИЕ

Құдам Қиятанның рухына


 


– Рак!


Осы бір аты жаман кесел алқымына жабысқан Қадыр ажалдың алыс еместігін сезгенде жүрегі мұздап сала беретін. Кезек-кезек көңіл сұраған көп адамның ішіне қаншама көзсалса да,өзінің аяулы қызы Жанаржоқ.Иә, Жанар...


Қыз бала қызыл ала көбелек сияқгы. Көз алдында жүрсе сүйкімді – көктеміңнің сәні. Әне, ол "әкелеп" жүгіріп келеді, жүгіріп келеді... Әттеген-ай, сүрініп кетті. "Әке!"."Балам!" әкесі тұра жүгірмек еді, дәрмені жетпеді.


– Қадыр, Қадыр.. Саған не болды? Ол өзіне қадалған жарының мазасыз, үрейлі, жүдеу кескінін көрді, көзі сәтке ілініп кеткен екен. Қадыр сәби қыздың елесін ұмыта алмай, қинала күрсінді.


– Кісілер келе жатыр.


– А-а, кім, кім дедіңдер, Жанар ма?


Қадыр тағы да басын көтеріп, еті солыңқы тартқан, отсыз жанарын есікке қадады, ауыл адамдары екен.


Жанар бойжетіп, құдалар жағы саржайлауда сөз сала келгенде, Қадыр қызының мұншама тез есейгеніне сенгісі келмеген. Әуелде "Ойбай-ау, ол әлі бала ғой" деп салған. Шай құйып тізерлесе отырған кемпірі санын шымшып алған соң ғана әзер есіне келіп, бармағының басын санауға кіріскен "бір... он... он... бес... он сегіз!" Иә, ол он сегізге толыпты, өзі де біреудің қызын он жетісінде жетелеп кеткен. Беу дүние-ай деші. Бұл бұл ма, әкеге ауыр тигені қызының ұзатылған күні болды.


Қимадым, ана, қимадым, Көзімніц жасын тимадым. Ішіңе сыйган балаң ем, Сыртыңа қалай сыймадым.


 


Қош енді, әке, қош енді, Көңілім неткен бос еді. Қыз емес ұлың мен едім, Мендей боп кімің өседі?!


Бұл анамен, әкемен қоштасу емес, олардың бір-бір қабырғасын суырып әкетіп баражатқанменбірдейболды.


Өзін қаншама қайратты ұстайын десе де, бүгіліп кетті, егіліп кетгі. Баяғыда Жәнібек батырдың қызы ұзатылғанда қолына қару-жарағын алып, соңынан қуған аңызына енді бүтіндей сенді. Сол жолы күйеу бала шиге шапанын жауып кетпегенде не болар еді. Шиді найзалаған нар батыр: "Үһ, қыз әкеткен- жау шапқаннан жаман екен ғой" деп тізесін құшып, егіліп отырып қалған еді-ау.


– Жанарым менің...


Қыз шешесі – Айғаным Қадырды тағы да жұбата бастады. Әкенің, ауру мен сағыныш қатарынан мендеткен әкенің өзгеден жасырған көз жасын сақалға


 


жеткізбей орамалмен жеңіл сүртіп алды.


Ұзатылған қыз анда-санда төркіндеп келсе, баяғы қабырғаңның жыртығы жамалғандай, жаз күндерің жадырай қалады екен. Көп күннің олқысын аз күндік алданышпен толтырып жүргенде, Қадырға тағы да бір сары уайым жабысты. Елге "Қазақстан" деген ауру тиді.


– Ойбай, Өр Алтайдың жартысы Қазақстанға көшіп кетіпті. – Әкімбайдікі төлқұжат жасатып жатыр екен.


– Жиенқұлдың үш бірдей баласы Алматыға оқуға кетіпті.


– Әй, қатын, Қазақстан, Қазақстан деп отырғанда бұзауың еміп қойды. Жүгір әне...


– Масқара, Жансәулемнің күйеуі мас болған сайын оны ұрып-соғып, "сені тастап Қазақстанға барып жас қатын аламын" дейтін көрінеді. Енді не бетімді айттым?!


– Еркіннің әйелі Қазақстаны құрысын деп отырушы еді, екінші баласы да қыз болған соң, жоспарлы туыттан қашып енді Қазақстанға барамын, сонда барып ұл тауып беремін дей қалыпты. Ха-ха-ха, қиқ-қиқ!


– Кім біледі, ондағылар орысша сөйлейді дейді, доңыздың етін жейді дейді. Балаларымыз кәпір болып кетпесе болды ғой.


– Не болса ол болсын шаңырақ Қазақтікі, табаны тисе болды. Қытайдың қыспағынақарағандажерікеңғой.


"Қазақстан, Қазақстан!" Қазақ елі еркіндік алғалы шеттегі қазақтың әңгімесі осылай басталатын.


Күйеу мен қыз да бұл "аурумен" ауырғалы біраз болды. "Жанар енді алысқа – құлақ естіп, көз көрмейтін басқа елге, жат жерге кететін болды".


Бұл жолы Қадырдың қабырғасы былай тұрсын, бүкіл қолқа жүрегімен суырылып барады. Ертегілерде мыстан кемпір, не жалмауыз біреудің жалғызын тартып алады немесе самұрық құс баланы іліп алып, алты қабат аспанның ар жағына алып ұшады, әкесі адасып қалады.


– Жанар, Жанар, Жанарым менің... Сандырақтаған әке самұрықтың артынан қол созады.


– Қадыр, саған тағы не болды?


Бұл Айғанымның үні. Жаны жарының үстіндегі ана өзегін мысық тырмалап, бөрі жұлқылап жатса да, білдірмеуге тырысады. Жаулығының ұшын қайырған болып көз жасын оп-оңай сүртіп алады. "Ботам қай жерде жүр екен деші!"


– Әке, біз Қазақстанға көшетін болдық.


Қызы осы сөзді неге айтты екен? Жанар рас айтыпты, көшіп кетті! Әкесімен, қартайған, қажыған, қызыл өңеш жарасын жан баласына сездіргісі келмеген қам көңіл әкесімен тағы да қоштасты. "Әке, алаңдамаңыз, өзіміз барып орнығып алған соң, сіздерді де көшіріп аламыз" – бұл қызының соңғы сөзі. "Кім біледі?!" көмейіне кептелген сөз, көз шарасына тығылған жас толқын атып тұр. Асау толқындар кеудені, кемерді бар күшімен ұрады. Оқталды, айтпады. Толқыды, төгілмеді – кім біледі? Алыс, бәрі де алыс...


– Жанар, тоқташы, тоқтай тұршы...


Әкесі қызының маңдайынан иіскеді. Бала күнгі күңсіген тер иісін, ана сүтінің арылып болмаған уыз иісін іздеп, мейірі қанбай, құшағынан шығарғысы келмей


 


ұзақтұрды.


– Жанар, Жанар. Неге кетесің сен?! – Бұл айтпауға тиісті сөз еді, бәрібір айтуға дәрмені жетпеді. – Сен қайта айналып келгенше... кім біледі... жаман әкең .. әлде қайда... алыс, алыс... тым алыс, білмеймін, соқыр тұман, қалың орман, көзім бұлдырап тұр...Жанар,Жанарым менің, кетпеші!


– Жанар...


– Қадыр, Қадыр...


– А-ау Айғанымсың ба, көзім тағы ілініп барады екен ғой, ылғи жаман түс көрем.


– Кемпір, шыныңды айтшы, Жанар келе ала ма? Әй, қайдам, жер түбі ғой, жердің түбі...


– Келеді, келеді әлі! "Шіркін-ау, қараторғайым ұшып келе қалса, қандай жақсы болар еді" Айғаным соңғы сөзді ішінен күбірледі.


– Айғаным, ау, Айғаным, барсың ба? Сен көз шырымын алып, ұйықтап алшы, сенің де мазаңды алып біттім-ау. Таңертең ерте жұлдыз сөнбей мені сыртқа шығарыңдаршы.


Қара жердің бетіне қонақтаған айлы түннің астында, Қыран өзенінің болмашы сыңғырына мүлгіп, сирек өскен ақ теректердің арасында жұпыны ғана малшы үйі тұр. Малшы үйінің күңгірт шырағының сарғыш сәулесінің астыңда талықсып, қатты ұйқыда ана жатыр. Тамағынан ас өтпегелі апта болған, өң мен түстің арасында ауру меңдеткен әкенің әлсіз жанары терезеден жарық сәулені аңсап бір жұмылып, бір ашылады. Аурудың төркінін жаманға жорып дәрігерге барғанда ойындағысы шын болды. Ал, емдеу құнына жүз тұяқ қойдың ақшасы да жетпейтін еді. "Емделгенмен жазылып кетсем жақсы, рактің емі жоқ, бір жараны сылып тастағанмен, екіншісі және көктесе бәрібір жазылмаймын" – бұл оның ақырғы жұбанышы. Бірақ анау терезеден үңілген қап-қара тамұқ дүниенің сұсы неткен суық. Мынау шырақ болмағанда... Шырағым сөнбесе екен. Шіркін, жарық дүние!..


– Шал-ау, шал, ояусың ба, шолпан туыпты. – А-а, шолпан...


Иә, шолпан шоқтай қызарған шақта "іңә-іңә" деген балғын үн өзін әке болу қуанышына бөлеген. Жарық дүниенің жанары оянған шақ, жүрегімнің жұлдызы, көзімніңнұры – Жанар, Жанар, Жанар! СәбиініңесімінЖанарқойған.


Қыран бойын қуалай соғатын самал, өзінің туып өскен даласының төсінен жүгіріп өткен жұпар леп Қадырдың көкірегін толтырып сергітіп жіберді. Дәрет алып, жүзін құбылаға беріп, Айғанымның сүйемелімен тізерлей отырды. Етсіз арыққосқолынжоғарыкөтеріп,алақанынжайып Алладан тілек тіледі:


– Ей, Алла, біліп және білмей істеген күнәларымды кеше көр. Мынау жарық дүниемен қоштасар сәтімде жалғыз қызым – Жанарымды көруге қуат бере көр. Жанарымды тезірек жеткізе көр, Алла! Қызымды көріп, маңдайынан бір иіскеп, шыбын жаным ұшып кетсе арманым болмас еді. Жаратқан-ау, тілегімді бере көр!


Жапырақтардың болмашы сыбдырына қосылып, жарқышақтана шыққан әлсіз күбір күнмен түннің өларасындағы булана ширатылған дымқыл қараңғылыққа жұтылып жатты. Сыз, сыз емес-ау жып-жылы жер төсіне алпыс жыл күнге күйіп


 


күреңітетотыққанмаңдайынқойғанәкенің мінәжаты ұзаққа созылды.


Қадыр осы күні жақсы ұйықтады. "Қызым келеді, әне, келе жатыр" деп көңілді күбірлеуменболды,әрісолайсенді.


– Жанар келеді. Келтекейге еңкейетін қыраттың жолын жасап қойыңдар. Тоғанның суы жаман болушы еді, көпірі құлап қалмасын. Кемпір, құрт-майыңды дайындай бер. Айтпақшы, қызың тарыны жақсы көруші еді ғой... Бауырсақ пісіріпқойыңдар. "Жанарым,Жанарымменің..."


Келесі таңда ... Келесі Шолпан туғанда Айғаным Қадырды оятуға батпады. Оның салқын, мейірге толы, сәл жымиысты бет-әлпетінен қызын түсінде көріп жатқанын білді. Бірақ ол күйеуінің езуіндегі ең соңғы күбірінің "Жанар" екенін аңғара алған жоқ.


 


* * *


– Әке, әкем менің, менің әкем ауыр хал үстінде жатыр екен. Маған Қытайға барып келетін виза беріңізші? – Бұл Алматыдағы Жанардың өтініші.


Майлы жүзі жылтыраған семіз сары бауырсақ мұрнына қойған мөлдір көзілдірігінің үстінен сүзе қарады:


– Мен сізге қазақша айтып отырмын ғой, біріншіден көші-қон билетің жоқ, екіншіден азаматтыққа құжат тапсырған жоқсың, бір айттым бітті. Саған виза жоқ! – депқаламқыстырғандомбалсаусағыменүстелдітықылдатты.


– Әкем, әкем менің... – Жанар қыстыға жылады. Оның бозара дірілдеген жұқа еріндеріне, жұтына бүлкілдеген тоқ тамағына көз айырмай қарап отырған бастық жібіді:


– Онда әкең ауру деген телеграмма алдыр. Шығу визасын ғана ашамыз.


– Телеграмма кем дегенде үш күнде келеді ғой. Шығу визасын ғана ашқанмен, мұнда бала-шағам бар, қайта айналып кіре алмай қаламын ғой.


Бастық алақанын жайып, иығын қиқаң еткізді. Қастары мұрынның төбесіне еңкейе түйіліп,көзілдіріктіңастынанкөзінің ағы молырақ көрінді.


– Маған не қыл дейсің?! Ол менің шаруам емес.


– Аға, бәріміз қазақпыз ғой, жаныңыз ашымай ма?


– Қазақ, қазақ! Осылар қызық, ылғи қазақ, қазақ дейді. Қазақ-қазақ, заң-заң! Келесі кім, кәне, кір бері, тағы да қазақ па... тебен мұрттары езуіне қарай жайыла қалған бастық мысқылмен күлді, Жанар жылады. Кірпігінен тамшылар ыршып кетті.


– Әке, айналайын, әкем-ау, сені тірі көре алам ба, жоқ па? Басыңыздан сүйеп, қолымнан бір шыны жылы су бере аламын ба, жоқ па?!


 


* * *


Ауылына алты күн дегенде әзер жеткен Жанар үй сыртындағы қалың адамның табыт көтеріп, зиратқа беттеп бара жатқанын көрді.


– Әке, ә-ке-е.. Қайран әкем...


Қыран бойында қалықтаған торғайдың шырылындай зарлы үнге қаралы топ тоқтағанжоқ.Онытоқтатуешкімніңқолынан келмес еді. Өйткені, пенделер өлімді тоқтата алмасын, уақытты тоқгата алмасын біледі. Бірақ өздерінің қай күн, қай сағатта сол жолмен аяқсыз аттанып бара жатарын білмейді. Адамдардың


 


ақырғы жан айқайы – сағынышты зар қана. Әне, әне... Екі дүниенің арасында торғын желді дірілдеткен әлсіз ғана үн:


– Әке, ә-ке-ее!





Пікір жазу