ӘКЕМНІҢ ДӘРІГЕРІ
Аласа бойлы, қасқаланған қазан басты, ұзын қара қасты, орта жастардағы кісі есіктен сәлем бере кіргенде, әкем мен шешем қатарынан құрақ ұшатын.
Аман-сәлем арасында әлгі кісі өз санын өзі шапалақтап, әзіл айтып қарқылдап тұрып күлетін. Біздің қараша үйімізді қуаныш күлкісі кернейтін. Әншейінде "белім-белім" деп жүретін шешемнің өзі төр алдына жеңіл шығып, сырмақ салып, қутыңдап қалады. Оған әлгі кісі:
– "Кемпірім", жағдайың қалай? – деп бір соқтығып өтеді. Шешем де қарымтасын жібергісі келмей:
– Сеніңшүйкебасыңақарағандаатқамінгендеймін,– деп жатады.
Алдарына дастархан келісімен әңгіме тиегі ағытылып, әзіл-қалжың әрі қарай шалқиды.
– Баяғыда сенің мына шалыңның жас кезі, содан көрші ауылдың біріне тарттық қой. Маған ат ұстатып қойып, өзі жоғалып кетті. Ал келсеші. Мен аттың көрпелігін алып етпеттеп жатып көзім ілініп кеткен екен, бір заманда ит шулатып...
Әңгіме осылай ойысқанда әкем орта жолдан шешеме ым қағады, әкемнің ымын қабағынан түсінген шешем бес құдықтық кірпіш мештің іргесінен бір құмыра суырып әкеледі де, шай тақтайдың астына қояды.
Ауызы сөзде болғанымен, көзі "түлкіні" шалған қонағымыз ұшатын қыранша қомдана қутыңдайды, ендігі әңгімені шешем үзеді:
– Жә, Қабылашым, басқаны қоя тұр, ес-ақылың дұрыс кезіңде тамырымызды ұстап бер.
Қонақтың аты Қабылашым еді. Ол бар ыждағатпен қысқа, доғал саусақтарымен әкем мен шешемнің білезік тамырын кезек-кезек ұстайды. Тамыр ұстағанда манағы әзілді бейнесінен мүлдем өзгеріп, көзін жауып тұратын ұзын қастарын бір түсіріп, бір көтеріп, тереңде жатқан жанарынан белгісіз ұшқындар шашырайды. Сосын кенет жадырап:
– Түк етпейді, – деп қарқылдай күледі де, қоржынбас қып былғарыдан тігілген дәрігерліксумкасынақолсалады.
Насыбай шақшадай қоңыр құмыралардан алып шыққан түймештей-түймештей дәрілерін кітап беттерін жыртыпорайды. "Былай да былай іш" деп түсіндіреді.
Ендігі жерде дастарханға ойысқан олар әңгімені үркер ауғанша жалғайды. Ұрттаған сайын жадырап, әңгімесі қыза түсетін Қабаң бір күлгенде санын шапалақтап тұрып, басында қарқылдап, аяғында ысылдап-шиқылдап ұзақ күледі. Бірақ ешқандай масаңдық білдірмей, кетерінде келгендегісінен де сергек аттанар еді.
Ертесінде әлгі "киелі дәріні" ішкен әкем де, шешем де ауруынан ада айығып, сауығып кетеді.
– Ой, шіркін-ай, Қабаңның дәрісін ішіп жазылып қалғанымызды қарашы, – деп отырады.
Қабаңның төбесі ай шамасы көрінбесе, олар елеңдей бастайды. Мойындарын жол жаққа созады. "Қабылашымның дәрісі таусылып қалып еді", – деп күбірлесіп жүреді.
Алмүбәдаоныңтөбесікөрініпқалса,Қыдыркелгендейқызыл ала шапқын қайта басталады. Маңдайлары құрысып,әредік ұсақұрыстары жиілейбастаған әкем мен шешем енді баяғы көктем күндерін қайта тауып алады.
Мен ойлаймын: "Қабылашымның дәрісі қандай дәрі екен?" – деп. Арада көп жыл өтті. Мен оқу, қызмет қуып сырт жерлерде болдым.
Үйге келген бір жолы жиі ауырғыштап жүрген әкемнен әзіл-шыны аралас. – Өзіңіздің дәрігеріңіз қайда? – деп сұрадым. Әкем жанары жасаурай
мұңайып:
– Ол мәңгілікке кеткен, – деп күрсінді. Әкем ауру меңдетіп әл үстінде жатқанда, жоғары дәрежелі емхананың дәрігерлерін жақатпай, көңіл сұрай келушілерге:
– Баяғыда Қабылашым кір қожалақ қағаздарына ораған үш-төрт тал дәрі берсе болды жазылып кетуші едім, – дегенді үнемі айтып, өз дәрігерін армандап жатты. Көз жұмарында сандырақтаған әкем оның атын атап қалып та жүрді.
Екі санын шапалақтап, ұзақ күлетін, ұзын қастары көзін жауып тұратын дәрігері ақыры әкемді өз қасына шақырып әкетті.
Бұрын "Қабылашымның дәрісі қандай дәрі екен?" – дегенді көп ойлаушы едім. Енді менің дәрігерім қайдан табылар екен? – дегенді ойлай бастадым.