12.01.2023
  158


Автор: Жәди Шәкенұлы

КӨП АҚША ТАБУ

 


 


Әкесі Наралтайдан:


– Үлкейгенде мені бағасың ба? – деп сұрайды. Наралтай:


– Әке үлкейгенде көп – көп ақша тауып, саған үлкен үй салып беремін. Әдемі машина алып беремін, – дейді.


Әкесі тағы:


– Көп ақшаны қайтып табасың? Кім болып жұмыс істегің келеді? – дейді. Сонда Наралтай:


– ГАИ болғым келеді. ГАИ (МАИ– мемлекеттік машина инспекторы) сендер көлік жүргізгенде көп ақша алады ғой. Мен де сөйтіп жұрттан көп ақша алып сені асыраймын, –деген екен.


 





Пікір жазу