12.01.2023
143
КОМПЬЮТЕР ОЙЫНЫ
Әкесі Наралтайға:
– Компьютерде кешке дейін ойнадың. Енді демалып орныңды маған бер, – депті. Ойына әлде не түскен Наралтай:
– Әке, әке, сен бала күніңде компьютермен көп ойнаушы ма едің? – деп сұрапты.
– Е, балам, ол кезде қайдағы компьютер? Компьютер болмаған соң, оның ойыны қайдан болсын! – депті әкесі. Сонда Наралтай әкесіне жанашырлық білдіріп:
– Әке, маған ойнамай-ақ дегеніңді енді түсіндім. Өзің ойнағың келіп тұр екен ғой, ойнай ғой онда, – деп орнынан тұрған екен.