12.01.2023
170
ҒАРЫШКЕР БОЛУ
Наралтай мен Нәр ойнап отырып бір-бірінің болашақта кім болатынын сұрайды. Наралтай:
– Мен ғарышкер боламын, айға шығамын, – дейді. Нәр:
– Мен де ғарышкер боламын. Сен айға шықсаң, мен күнге шығамын, – дейді. Сонда Наралтай күліп:
– Күннің беті жанып жатқан от қой. Оған шықсаң жанып кетпейсің бе? – дейді. Сонда Нәр:
– Мен онда күннің бетіне түнде шығамын, – деген екен.