11.01.2023
  318


Автор: Мадияр Әмремзаев

Ғашықтық теңеу

Әдемілік сенің сәнің екен шын,


Осы қалқам маған лайықпа екенсің?!


Торыма бір күн, өзің келіп қонарсың


Ақ қанат құс әппақ арман көгершін.


 


Сені көрсем тулайды сезім басылмай,


Күнде бірге болғым келед қасыңда ай!


Қаламменен өрбітемін сырымды,


Ақ періштем арманымды жасырмай


 


Саған теңер сұлу адам барма екен?


Аппақ жүзің жарқыраған айға тең,


Сені өзіме қалай ғашық қыламын?


Қандай амал қандай қулық айламен?!


 


Алтын жүзің нұрландырды жанымды


Шуағыңмен атырамын таңымды


Сен мәңгілік жүрегіме орнашы,


Бір сен үшін аямайын барымды.


 


Алтыным қиылған әп әдемі қасың қара,


Бір болсам арман жоқ қой қасыңда да,


Алтыным ақтарылған ақ жүректен


Сезімім саған деген артудама?


 


Кешегі өткен Қозы мен Баян қандай?!


Сол секілді лирика оянғандай


Күңіренген күз даласы осы сәтте,


Жарқылдап ақ алтынға боялғандай


 


Ғашықпын деп - айталмай сырға бекем


Неліктен осылайша жырлады екем?


Алтыным  саған ғашық болып тұрып,


Мен сені мәңгі бақи жырлап өтем!





Пікір жазу