Ғашықтық жыр!
Күн дегенде күн көрмедім дәл сендей,
Сені ойласам жүрегімнен ән сөнбей
Аспандағы айдың өзі шығарсың
Бақытты жан жоқ ау сірә дәл мендей!
Келбетіңе көзім тоймай қараймын
Ханшайымы өзің болшы сарайдың
Ботам сені, шын сүйемде қызғанып,
Мәңгілікке бақытыма балаймын.
Ерекшесің күлімдеген жүзіңмен
Кетпи ылғи, сенің бейнең түсімнен
Жаралы боп жүрген мына жанымды,
Өзге емес өзің едің түсінген
Көздерің бар қарақаттай қап қара,
Өмір бойы қия алмаспын басқаға
Еркелеген езуіңнен айналдым,
Жәймен ғана қарайтұғын жасқана
Сезім дейтін шарабыңа мас қылшы
Жүрегіңе болып кірем басқыншы!
Жүрегіңе басып кірген жүректі,
Шығармашы қатырдағы тас қылшы!
Келші қалқам құшағыма басайын
Жүрегімнің кең сарайын ашайын
Өзіңменен өмір бақи бір болып,
Белес пенен асулардан асайын
Теңемеймін алтынғада айға да!
Арзан болып қалады олар жай ғана
Баға жетпес ботақаным сен менің
Шабыт берер шаттығымсың ойғада.
Кеш батсын мейлі таң атсын
Өзіңсіз менің таусылар шыдам тағатым
Жанымның емі болмасаң егер қасымда
Тоқтайды мына жүрек дейтін сағатым!
©️Мадияр Әмремзаев