10.01.2023
  635


Автор: Жәди Шәкенұлы

Піл мен тышқан

Ерте, ерте ертеде піл мен тышқан дос екен. Күндердің бірінде екеуі бірлікте егін салып, астық жинапты. Қамбадағы астықты пілдің иеленіп алуынан қорыққан тышқанның                                          ойына арамдық еніпті. Ол қамбадағы астықтың астынан ін қазып, жер астындағы өз қамбасына таситын болыпты. Әр күні түнде піл ұйқыға кеткен кезде тышқан ұрлық істейді екен.


Бір күні қамбадағы іннің аузын байқап қалған піл оны бітеп тастаса, ертесі тағы да ашылып қалыпты. Тышқаннан сұраса ол:


– Аллай, беллай, мен емеспін, көрген жоқпын! – деп зерезеп болыпты. Ақыры тышқан бүкіл астықты ұрлап тауысыпты. Бар пәленің тышқаннан келгенін енді ғана сезген аңқау піл ашуы келіп оған тап беріпті, қуып жетіп табанымен таптап өлтірмекші болғанда тышқан інге кіріп құтылып кетіпті. Осылайша олардың достығы жаулыққа айналыпты. Күні бүгінге дейін пілдің тышқанның інін көрсе табанымен басып тұрып қалатыны сол өшпенділіктен қалған екен.


 





Пікір жазу