10.01.2023
  607


Автор: Жәди Шәкенұлы

Құмырысқалардың еңбегі 

 


 


Өмірге жаңадан келіп, аяғын енді-енді басқан кішкентай құмырысқа өзінен әлдле қайда үлкен шырпыны көтермекші болады. Бірақ, қанша тырбынса да көтере алмайды. Оның қылығын көрген анасы:


– Балам, өте ауыр шырпыны жалғыз көтергенше, ағайынды бірнешеуің бірлікте көтерсеңдер болмай ма? – длеп ақыл айтады. Ал кішкентай құмырысқа болса анасының тілін алмай тағы бір үлкен шырпыны көтермекші болады. Бәрі бір көтере алмайды. Осы кезде оның қасына жетіп келген ағасы шырпының бір басын көтереді. Сөйтіп, ағайынды екеуі әлгі шырпының екі басынан көтеріп, илеуге әкеледі. Мұны көрген анасы:


– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы. Әр қандай істі бірігіп тындырсыңдар тасты да, тауды да көтеретін үлкен азамат боласыңдар, - деп мадақтайды.





Пікір жазу