10.01.2023
  186


Автор: Жәди Шәкенұлы

Шырақ пен балауыз шам

 


 


Асылып тұрған шырақ терезе жақтауындағы балауыз шамды қағытып:


– Балауыз шам – ау, мен тұрғанда босағадан сығалап неғып жүрсің?! – деп мырс етті. Оны кәперіне де алмаған балауыз шам:


– Мәселе, сенің де, менің де халыққа қажеттілігімізде ғой, екеуіміз де тұрсақ болмай ма? – деді. Шырақ жағымсыз қарқылдап күлді:


– Ха-ха-ха, сен де    қажетсің бе, нұрың менің нұрыма жетпесе, адамдар сығырайтып не қылады, ха-ха-ха.


Осы кезде белгілі себеппен ток желісі үзілді де, барлық үйдің шырағы сөнді. Үй иесі сіріңке тауып балауыз шамды жақты. Төмен қараған бойы басын көтермеген шырақтың екі беті қып-қызыл болып ұялып кетті. Балауыз шамның әлсіз сәулесі үй ішін жарықтандырып, оның бетін де айқын көрсетіп тұрды. Балауыз шам оған күлімсірей басын изеп қойды.





Пікір жазу