10.01.2023
  342


Автор: Жәди Шәкенұлы

Алма ағашы мен шынар

 


 


Бір аулада алма ағашы мен шынар қатар өсіп тұрыпты. Шынар сымбатты бойын мақтан етіп әр күні:


– Бойым түзу шынармын,


Биік көкке шығармын, – деп ән салады екен. Ал алма ағашы кішпейілдікпен төмен иіліп тіл қатпай тұра беріпті. Күздің қоңыр самалы есе бастағанда алма ағашының өн-бойы ауыр тартып, адамдар оның қып-қызыл болып піскен           жұдырықтай-жұдырықтай                                        алмаларына    қызыға    бастапты.    Ал шынардың жапырағы сарғайып, оған ешкім қарамайтын болыпты. Алма ағашы болса жемісі толысып піскен сайын оны көпке ұсыну үшін жерге иіле беріпті. Үлкендер мен балалар алма ағашын қоршап алып, оның жемісін үзіп, ауыз жаппай мақтай бастапты. Алма ағашы сонда                                       да мақтауларға желп етпей:


– Көпке жеміс беру менің борышым, – дегеннен басқа ештеңе айтапты. Ал шынар байқұс ұялғанынан ендігі жерде мақтанып ән айтпайтын болыпты.


 


Әрі ол адамдардың алма ағашын мақтап: “Жемісті ағаш төмен иіліп тұрасың дегенін де естіп қалыпты.





Пікір жазу