10.01.2023
141
Балапан қарға
Қарғаның балапаны жазғытұрым дүниеге келгендіктен, күн ысып шілде болғанда, жүні әбден жетіліпті. Күннің ыстығына шыдамаған ол үнемі:
Өзі қарай, өзі қалың осы жүндердің не қажеті бар еді, бүйткенше шықпай-ақ қоймай ма,– деп назаланады екен.
Күндер жылжып өте беріпті. Бар даланы ақ қар қымтап қыс келіпті. Қарлы боранда ағаштың қуысына тығылып дірдек қаққан балапан қарға:
- Мен жүннің жоқ болуын тілеп едім, оным бекер екен. Мұнан да қалың жүн шықса қандай жақсы болар еді, – деп армандапты.