09.01.2023
562
Себепкер
Сағым сынған кездерде тіреу болсаң деп едім,
Күнім жаман өткенде айым болар деп едім,
Сезім шығып жүректен өлең болар деп едім,
Мақсатыма жету үшін дайын болар деп едім,
Арман болды барлығы қалды жарты жолында
Жүректің сөнді жалыны бақытты болмай соңында,
Тағдырыңда шешілді қалды бәрі бос серттер,
Мәңгі бірге болуда тастамауда ешқашан,
құны кеткен жәй сөздер.
Ұмытылған құр уәде өліп қалған сезімдер,
Соқпай қалған жүректе, бәріне сен себепкер!