06.01.2023
  432


Автор: Жахан Елжан Абзалұлы

Дүние қуып…

Дүние қуып,


Бірімізбен жарысып


Өтіп жатыр


Уақытымыз алысып,


Кеше бала,


Ертең қартқа айналып.


Бүгініміз


Ертеңменен ауысып.


 


Өтіп жатыр,


Ұстап қалар барма кім?


Кейбіреулер,


Тістеп қалар бармағын.


Біреулерге


Өмір жеңіл болғанмен,


Ал біреулер


сезіп жатыр салмағын.


 


Мәңгі емес


Жылағаның, күлгенің.


Уақытшағой


Сенің тірі жүргенің,


Дүкендегі мерзімі өткен заттардай


Пайдаң тимей, өтіп кетіп жүрмегің…





Пікір жазу