04.01.2023
753
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Жиреншенің тағы бір айтқан сөзі
Хан бір күні:
— Осы Жиреншені неғылсақ та, жеңе алмадық, енді осыны бір жеңуге әдіс жасайық, — деп, бір жігітке:
— Сен ертең ертерек біздің үйге келіп отырып, Жиренше үйге кіріп келгенде қатты қылып бір осырдағы үйден шыға жөнел. Сонда мен Жиреншеге «ұста» дейін, сонда не дер екен? — депті.
Ертеңіне жігіт ханның айтқанын істеп, Жиренше үйге кіріп келгенде осырып, тұра жөнеле бергенде хан Жиреншеге «ұста», — депті. Жиренше жігітпен жарыса далаға шығып, біраз кідіріп, есіктен қайта келіпті.
Хан:
— Ұстадың ба? —дегенде, Жиренше:
— Баласы қашып кетті, әкесін ұстап әкелдім, — деп, бір адамның кепкен қу боғын ханның алдына тастай беріпті.
Сонда хан ұялғанынан:
— Мынаған дауа болмас! —деп күліп жіберіпті.