03.01.2023
  678


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Әлияға

(Немерем)
Сезім қылын шертіп бұбұл өлеңі,
Әппақ сәуле әйнегімді емеді.
Әлиям менің қолымда тұрмай, талпынып
Кең - аспанға ұшып кеткісі келеді...
Көрсем дейме, бұлттар қандай, ай қандай,
Ақ періштем, ақ - қараны айыра алмай.
Күн көзіне алақанын ашады
Балапаным қанаттарын жайғандай.
Саусақтары сәулелерді тарайды,
Сәби дүние, сәби үшін арайлы.
Таңғажайып тамашалап жарықты
Әлиям менің жаутаң - жаутаң қарайды.
Қарайды да, бұлқынады, күледі,
Еркіндікке шығу арман тілегі.
Көбелектей ұшып кеткісі келеді,
Кіп – кішкентай лүп - лүп соғып жүрегі.
Кіп - кішкентай кеудесінде жыр қайнап,
Кетер еді, Айданаменен бірге ойнап.
Құс жүрегін жетілмеген денесі
Әттең дүние - ай дәрменсіз ғып тұр байлап..
Былдырлаған, бұлдыр маған өлеңі,
Кейде титтей саусақтарын емеді.
Торғай ұшып, жапырақтар дір етсе
Қанатын қағып, ұшып кеткісі келеді...
6/VI-1995 ж





Пікір жазу