Әбділданың алма бағынан...
Күтпестен келіп-кет-деп шақырғанын,
Мен қалай, Алатауға жақындадым.
Жол түсіп, саяжайға, ойда жоқта,
Аралап жүрдім, бірде ақын бағын...
Алдымнан ашылғандай сырлы ғалам,
Ән бұлақ, келісімді сылдыраған.
Қызығып қарап едім, қызыл алма
Алаулап, «мені үзші» деп тұрды маған.
Ақынға кәрілік жоқ, арманы асыл,
Сезімге пісіп тұрған таңданасың.
Сілкілеп ертелі-кеш, ауық-ауық
Шайқайды шабыт желі алма ағашын.
Сағынған Қозыдай боп жыр Баянын,
Айтқандай махаббаттың тынбай әнін.
Алма ағаш бойларына сіңіріп бір
Алғандай жердің нәрін, Күн бояуын.
Жердегі жалғандықпен ерегесіп,
Өмірдің өр - теңізін келеді есіп.
Ақынның бұл бағынынан, шығатындай ,
Алма емес, көктем сайын өлең өсіп...
Білмеймін, тері бар ма, әлде, әкемнің,
Келеді жерден жұлдыз таңға тергім.
Бағынан Әбділданың ырым етіп,
Балама «ақын» бол деп алам әкелдім...
25/август 1989 ж