03.01.2023
269
* * *
Ұқсамайды бір күніме, бір күнім,
Бір күніме татымайды тірлігім.
Өрге тартып келем әлі,
анамның
Орта жолға тастап кеткен жыр
жүгін.
Көңіл көгін қамап, торлап ауыр
мұң,
Тұрғандаймын алдында бір дауылдың.
Көптен бері жылай алмай, жиналған
Көз жасымды көтере алмай, ауырдым...
Бұлбұл қайда?
бағымдағы жырлаған,
Уақыт қолы жалынымды ұрлаған.
Тірлік торын тастайтұғын лақтырып
Бір сілкініс керек болып жүр –
маған...