03.01.2023
  192


Автор: Қанипа Бұғыбаева

«Операция» сәттері...

Маған тағдыр, о қаншама тас атты,
Құласын деп, жүйкемді егеп, қашапты.
Адам мені уақытша ұйықтатып,
Аяғыма «операция» жасапты.
Өмірімнің сақшылары бол аман,
Өз арқаңда басып жерді дем алам.
Тіршілікке қосып еңғой, оятып
Қамқорлықпен ұйықтатқан сол адам..
Өз арқаңда екінші рет күн көрдім,
Табаныммен сезіп табын бұл жердің.
Содна бері, қаншама ұзақ жол жүріп,
Содан бері қаншама іске үлгердім...
Қол бұлғады қиялымнан жоқ бақыт,
Жаутаңдаған үмітпенен өтті уақыт.
Қоғам менің ми – санамды ұйықтатып,
Жүрегімді қойған екен тоқтатып...
Ұмытшақпын... ұмытылды о, бір күн,
Өңешінен өттім не бір обырдың.
Сыңсып жаттым, жапырақтай жел үзген,
Табанында топан селді тобырдың.
Көк жапырақ... көбік болып көктейді,
Ой жеткенге, қолым қысқа жетпейді.
Арман үміт жастығымды мазасыз
Мына өмірдің тасқын шуы жеп қойды...
Сәтсіз сәттер... пәктігімді қалды алып,
Сезім аулап, сезімсіз жүр жан бағып.
Өмірімді үмітпенен өткердім,
Сұлу айтқан, сұлу сөзге алданып...
Ұмытылды.. дәстүр иман, жайлы ұғым,
Аққу шошып, шөлге айналды айдыным.
О, қаншама жыл, ұйықтап жаттым оянбай,
Қайығында қайырымсыз қайғының.
Баысм көрде, тасымды өрге, өрлетіп,
О, қаншама, жауым кетті төрге өтіп.
Мақтап қойып, мақтаменен бауыздап,
Келіпті ғой – ажал мені тербетіп.
Мақтаныппын түсіргендей ай атып,
Шашымды емес, жанымды аппын боятып.
Уақыт дәрігер ұрып жатыр бетіме
Алу үшін өлі ұйқыдан оятып.
Тамыршы уақыт айналып кеп қасыма,
Өліп мәңгі қалмас үшін асыға.
Операция жасап жатыр еппенен
Аяққа емес, жүрегіме ... басыма.
Ұйқы басқан көтере аламай кеудемді,
Жатыр едім жанға таза жел келді.
Өкінішпен танып келем біртіндеп
Көзімді ашып дүниеге енді енді...
Жатқан жанға берер әкеп кім бақыт,
Ұйқыменен уақытты бар ұрлатып.
«Мәңгүрттеніп» кеткекнімді білмеппін,
Шың басынан шыңырауға шым батып...
Жалғандықтар, алды – артымды жиі орап,
Жауыздықпен жасап кепті ау қиянат.
Күлген көзге күдіктеніп қараймын,
Көкірегіме сенімсіздік ұялап...
Қарап тұрмын... ояу әлем көзімен,
Тірімін ғой, неге алданып, езілем.
Оянып ап, тағы бір сәт қалғысам,
Мәңгі ұйықтап қалатындай сезінем!
18/II-1990 ж





Пікір жазу