03.01.2023
  136


Автор: Қанипа Бұғыбаева

* * *


Үмітке еріп,
солып қанша көктедім,
Қар астынан көтеріліп көктемім.
Бүгінімнен қызықтырар ертеңім
Көрген түске айналып бар өткенім.
Қырда өскенмін.
маңдайымды күн қақтап,
Арман болған өлең баптап, гүл
баптап.
Бағам менің бара жатыр арзандап,
Кеткен кезде бәрі, бәрі қымбаттап.
Бақытыма келгенкештеп сене алмай,
Күдік күмән. жігерімді жонардай.
Үгілемін...
толқыны ұрып уақыттың
Жағаға бір шығып қалған томардай...
Әрекетсіз өтті өмірім күн құрап,
(Төбемнен бір көз қарайды тұнжырап.)
Бейімделіп сахнасында өмірдің,
Тірлік етіп, бір күлемін,
бір жылап.
Күресінде күл төбе боп от
арман,
Бір ашылмай жолым неге маталған.
Туып бәрі бәйбішеден,
мен ғана,
Күй кешіппін туғандай боп
тоқалдан.
Мен ақылсыз... ал, өзгелер
ақылды ақ
Сайрап берер таңдайлары
тақылдап.
Өскен сайын көтере алмай
еңсемді
Тың тыңдаймын тамырыма
жақындап...
20/ XI 1991





Пікір жазу