03.01.2023
  163


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Жарты ғасыр

Мен ғұмыр кешіппін ғой
жарты ғасыр,
Жинамай дүние мүлік, алтын ,
асыл
Жеріме жапырақ жайып келіппін
ғой,
Ақтарып ақ көңілден халқыма
сыр!...
Өрнектеп, өмір жұлды, аспанымды ай
ай,
Қақпасын арманымның ашқамын
жай,
Осынау өткен уақыт, сүрген өмір
Көзіме көрінеді қас қағымдай....
Шағым ғой, берілмейтін енді, елеске,
Ой салар «орта жас та» келді
емес пе?
Бір түрлі жаутаң-жаутаң,
қарай берем,
Оралсаң, қоңыраулатып –
сырлы көктем,
Алдыңнан шыға алмаспын
үлбіреп мен.
Жүзіме, жүрегіме ізін алып,
Байқатпай, жылдар қалай,
сырғып өткен?..
Сүйеді...
ұраса біреу кесекпенен,
Айналып әнің шуға, өсекке
өлең,
Елу жаз, елу көктем,
елу қысты
Көрдім, деп кімге барып есеп
берем...
Көл қайда?
аққуменнен - қазға мекен,
Айдыным айналыпты ау
сазға бөтен
Мен несін міндет етем туған елге
Бергенім, алғанымннан аздау –
екен.
Гүл дәурен, қызыл жасыл жоқ
кешегі
Өртейтін сезім жалын, от көшені.
Шынында рас болды-ау
ескі көздің
Дегені «сынық арба көп
кешеді»...
Жинамай-дүние мансап,
алтын асыл,
(Бекерге талпынасың,
алқынасың.)
Қаратып жүрегіме жарты
әлемді,
Шертіппін қара өлеңмен –
халқыма сыр.
Мен де өмір –
сүріппін ғой
жарты ғасыр!..
16/XI -1991 ж





Пікір жазу