03.01.2023
  142


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Далаға сыр…

Дала десең, өміріме от алам,
Кеңдігімен жіпсіз мені матаған.
Көшін ерте, мынау жердің бетінен
Жер астында жатыр тегім,
ата анам.
Еркелеймін, елестерге, ес көріп,
Елес сурет. Төксем жырмен кесте
ғып.
Жер астында үнсіз жатыр жастығым,
Жастық шақтан шертетұғын естелік…
Байланыс жоқ…
нені ұғады жан жағым,
Заңғар көкке келеді бір самғағым.
Жер астында жатыр досым, ақылшым,
Жер бетінің арқалап бар салмағын.
Жарық дүние!
шешуі жоқ жұмбақ бір,
(Тіршілікті жұтып жатыр ұрлап қыр.)
Жас қайыңға жанын сыйлап
өлгендер
Жер астында тамыр тартып жырлап
тұр…
Үлгере аламай, қоштасуға
соңғы рет,
Дір дір етіп соққан шығар сол жүрек.
Жер қойнынан күнделігім
кінәсіз
Көрінгендей, көз жасымен мөлдіреп,
Жылап қалған мен емеспін соңғы
рет…
7/VIII – 1991 ж





Пікір жазу