Жер дөңгелеп…
(Мұстафа Өзтүрікке)
Өнеріңе қайран қалды ел сенің,
Сен білесің. ата мекен, жол шегін.
Айту қиын. сабырыңды сарқыған
Бойыңдағы сағыныштың өлшемін.
Құшақ жайды. Ұлытауың, Көктөбең,
Көктем сайын сені күтіп, көктеген.
Суық әлем жылынатын сияқты,
Жарқ жұрқ еткен көзіңдегі отпенен.
Бір өзіңдей ер туар ма, күйкі елден,
Ел жүрегін сілкіндірдің ұйқы емген.
Арман күйің арнасынан асып бір
Сапар шектің Стамбулға Мюнхеннен.
Не болады ел, шеңберменен шектелсе,
(Өмір заңы біреу сүйіп, “жеккөрсе.”)
Асығады құс қанатты жүрегің
Стамбулдан Алматыға жеткенше…
Әр сапарың жазып бітпес жыр қызық,
Толқып іштей, бір суыйсың, бір қызып.
Кеудеңдегі сағыныштың өрт күші
Шекараның қиындығын жүр бұзып.
Табаның жер. Көкірегің көк тіреп,
Өміріңмен жүргендейсің от күреп.
Ата жұртқа бұрып асау жүрегің,
Өр кеудеңді ұратындай тепкілеп…
Шақырғанда, алыс сапар, жол бақыт,
(Таңға іліктің. кірпік ілмей таңға түк.)
Ата анаң, атажұртын армандап
Туған сені, сағынышқа толғатып..
Кең даладай домбыраның күйі ұнап,
Қиып кету, тамырыңды қиын-ақ..
Сапар шектің жер бетіне шек шетсіз
Көкжиекті көздеріңе құйып ап.
Езілген көп көтеріліп еңселер,
Бір қиырдан бір қиырға жол шегер.
Сүйер еді ұл. Туған ұлтын сендегі
Сағыныштың бір тамшысы болса
егер…
Еркін ерге аспан асты мекен ғой,
Қолың жеткн жеңісіңе жетер ме
ой.
Самғай білген сендей қыран
құстарға
Әлемде ешбір бөгет болмайды
екен ғой.
Аңсап келдің жасыл жайлау
жағаңды,
Бір кісідей білесің өз бағаңды.
Өз көзіңмен көргеніңе қуандың,
Әбілсейіт Айхановтай ағаңды!
Өз жүрегің өзіңді кеп ұрғандай,
Жанған жұлдыз жарқырағай
бір маңдай.
Дәл өзіңдей жердегі бір қазаққа
Алатауың қолын бұлғап
тұрғандай.
Тағдырыңа,
қарсы жүзіп тасқынға,
Асу-асу асқар белді астыңба.
Сен жеңілсең сағыныштан
жеңілдің
Жер дөңгелеп табаныңның
астында…
Тұяқтары жер жүйкесін бір тарпып,
Шамырқанса, шаншылады тұлпар тік.
Сағынышың төрткүл мынау дүниеге,
Жүрек жолын, “жібек жолын” жүр -
тартып…
Уақыт желге тізгініңді берме,
енді,
(Тіліңменен жоғалтпапсың зердеңді.)
Ата жұртқа асыққан құс жүрегің,
Ұшатындай—
бұзып шығып кеудеңді…
Өзге күшке тізгініңді берме енді.
Көз жасыңнан қаптап, бірде –
көгің сел,
Уақыттан шегінерсің, шегінсең.
Алып жүрген сияқтысың “жат-
жұртқа”-
Кетіп қалған қазағыңның
кегін сен!..
Ұрған кезде ақыл естен тандырып,
Жұдырығың жіберердей тауды үгіп.
Ел намысын “күшпен” қорғай алатын
Бақытты ғой, сендей болса,
бар жігіт…
Ақ көңіліңді досың түгіл, жат ұғып,
Ашылады жан ауасы қапырық.
Алаңда бір атыласың барыстай,
Ата - баба аруағын шақырып!...
Жолдарыңа жанарын тұр тау -
қадап,
Тебіренесің. Топырағыңа аунап ап.
Валютаңа бәзбіреудей мақтанып,
Байлығыңды жүрген жоқсың саудалап.
Жолдар, жолдар, аспан-жерді мәңгі орап,
Алға қарай алып ұшар арманы - ақ.
Сағыныштың шөлі қысқан жүрекке
Шұғылалы берген сынды таң қанат.
Қайда жүрсең, тілеймін мен саған күн,
(Бір ағаштан үш бұтақтай таралдым.)
Жеңістерге жүрген сені жеткізіп,
Өлмейтұғын рухы болар бабаңның!…
Арман шегін, аспан шегін,
шер шегін,
Өміріңнің өрт күйімен өлшедің.
Найзағайды уыстаған қолыңды
ап,
Маңдайыңнан сүйгем бауырым,
мен сенің.
Ерлігіңді жалғастырар өсіп ұл,
Өскен ұлдай туған жердің төсі гүл.
Жүрек жолын “Жібек жолын” жалғаған
Тоқтамасын сағыныштың көші бұл…
Өзің барда, жоқ сияқты қорқар
түк,
Сайда күтер сәйгүлігің жер
тарпып.
Сағыныштың қанатына мініп
ап,
Бар әлемге барасың сен
жол тартып.
30/ VI – 1991