03.01.2023
  100


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Мені ауыртады

Таулардың тау болмай ұсақталғаны,
Тұлпарды тірліктің тұсап, қалғаны.
Түн жарып жұлдыздың аққандары
Беймезгіл семсе гүл бақтардағы.
Қара дақ, ақ көңіл ақ қардағы.
Жазықсыз жандарға оқ оқталғаны.
Темір тор кісеннің шылдырлары,
“Ана” деп сәбидің шыңғырғаны…
Мені ауыртады
Өмірдің аш көзді жетімдері
Қасіреттер, осына жер бетіндегі.
Арам шөптің кезінде оталмағаны,
Ғашықтардың бір біріне жете алмағаны.
Өсекпен өрт салып, ұялмағандар,
Адамды адамша сүйе алмағандар.
Мені ауыртады
Кей кезде шындықтың бұғып қалғаны,
Арманның атпаса күліп таңдары.
Іздемейді мені ешкім,
Болмағаны ау керегім.
Астында ой-белестің,
Сөз маржанын теремін.
Қалды көңіл бәрінен,
Қалды, қалды…
өкіндім,
Үміттен де, дәріден
Жыламауға бекіндім…
Көкірегімде тас бар ма,
Бейнелеген жер шарын.
Күн шығар деп аспанға
Елеңдеуден шаршадым.
Салға айналды сезімім,
Көзімен шеңбер, қалыптың.
Бақ күтіп, бітті төзімім,
Жалтақтаудан жалықтым.
Ай меңіреу, күн тілсіз,
Тіршіліктен нәр алмай.
Қаңсып қалдым, үн түнсіз
Ұмытылған аралдай.
Сынып күнде құралама
Ерлік емес, ол да аса.
Іздемейді бір адам,
Құдайдың өзі болмаса!...
13/III-1991 ж





Пікір жазу