03.01.2023
  171


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Екі бақаның сөзі

(сықақ)
Кәрі бақа, жас бақаға жолығып көл шетінде,
Руың кім? қайдансың деді?
Руым Балпақ, Батпақтанмын.
Шомылып өстім нұрына әппақ таңның.
Мен деген жай бақа емес, өнерлімін,
Неше түрін білемін, бақ-бақ тақпақтардың.
Білмеймін тек, не боларын келер күнім.
Аға бақа алқымын бүлкілдетіп, былай деді,
Жаратпаған бекерге құдай мені.
Батпақ дегенің әлгі борсып жататын лай ма еді?
ия…
Е е онда сырт екенсің.
Масаменен шыбынның жұрты екенсің.
руың сенің Балпақ болса мен талпақтанмын,
Өз көліме өзім қожа болған соң талпақтаймын.
Бәз біреудей мен кімге жалтақтаймын.
Значить мен көлден, сен құрғақтансың,
Мұнда жеткенше түс қашып, түн қатқансың,
Талайларды “бір әнмен” жырғатқансың
Сол өзіңнің батпағыңда бақылдап жата бермей,
Сені бала танысам, жын қаққан шын.
Деп екеуі өзара тілдеседі,
Тілдеспесе бір-бірін білмес еді.
Япырай
Бақаның да ру тегі болады екен?
Қаңғырып біздің көлден не алады екен?
Батпағындақ өзінің жата бермей,
Деп бауырлас, бақаларда аға бақаны қолдады
Содан бері жас бақа көрінбей кетті,
Қайда кетті, белгісіз бізге ол жағы?!.
ххх
Сонымен, бақаларда да руға бөлу бар екен,
Бақ-бақ деу бірақ олардың ортақ әні екен.





Пікір жазу