01.01.2023
  129


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Қоңыраудағы әңгіме

 


 


 


Бәрі күні кеше сияқты, бірақ жаңа қызметке     де жылдан асып кетті. Тілеуқор, жанашыр, ниеттес ағайындар аз емес. Бірі шын қуанышын, риза көңілін, бірі өмірдегі қынжылысын, билікке өкпесін айтып келіп-кетіп те, қоңырау шалып та жатады. Бұл ретте алдымен     Арқалықтағы    әріптес                    Жақсылық         көкем       көкейде         тұрады. Айтатыны: журналистика, әріптестердің шығармашылығы. Қашанда ағынан жарыла сөйлеп, арғы жағынан елжіреген көңілі сезіліп тұрады. Астанадан Қайсар ағамыз газеттің сәтті нөмірін көргенде,     қоңыраулатып     балаша     қуанады.     Алматыдағы                         жерлестеріміз                газеттің ғаламторлық нұсқасынан ел жаңалықтарын біліп отырамыз деп көңіл аулайды. Бірақ, газетті қолына ұстап, қателерді тізіп, ағат кеткен сөйлемдерді астын сызып оқитын Аманкелді, Жанкелді өңіріндегі аға-апаларыма, ҚМУдың студеттеріне ризалығым бір төбе.


Күндерде бір күн хатшы қыз Қарабалықтан қоңырау шалынып, әңгімелесуге уақыты болса қосуын өтініп жатқан кісі барын айтты. Қосты.                                Елубай Аманжолов!     Ауыл шаруашылығының ақтаңгері, ғалым-агроном ағамыз. Журналистік қызметте талай жылдар бойы кездестік, жүздестік.                                  Бірақ сұхбат алудан арыға бармаған екенбіз. Білетіндердің сөзіне қарағанда Елекең- бұлталақтатпай тура айтатын, жағынуға жаны қас, бірқалыпты мінезді кісі..


- Осы оқырманмен ағынан жарылып айтатын нәрсе, ойлам жүрсем, едәуір, -деді әдеттегі сабырлы қалпымен, - Бір кездескенде, кең отырып сөйлессек. Мысалы, қазір сол Қостанайдан бастап, қала-аудандарда тойханалар көбейді. Алды 200-300 адам, тіпті одан да көптерге арнап салынғандар бар. Сол тойхананың орнына жастарға кәсіп боларлық өндіріс ошақтары неге ашылмайды?   Тойхананы көбейткенмен, жастардың бақыты артпайды ғой.


- Рас, Елеке, бірақ неге саласың, неге былай істемейсің дейтін ақылдастар кеңесі жоқ заман. Қазақ нарығының бүгінгі сұранысы ұлттың әдет-ғадетінен туады да. Ал сол тойдың да тойы бар. Ал үйлену тойы үстінде ұятсыз қалжыңдар, тұрпайы ойындар дендеп кетті. «Гәршөкке таласу» деген бейнебаяннан шошисыз. Жалаңаш шешінген қазақ қыздарын көргенде жердің тесігін іздейсіз, -дедім мен де Елекеңді қуаттап, - бірақ, той әдебін түзететін ағайындар жоқтың қасы.


- Бұл өзі тұнып тұрған әңгіме, айтылудай айтылып жүр,бірақ ескеріп жүрген бірі жоқ.. Бәрі оңай олжаға әуес. Бұл жаңғыз қазаққа тән емес, -деді Елекең, бір әңгіменің шетін шығарып, -     Анбір жылы марқұм Валентин Двуреченский шетелге барып, бір алтын медаль алып келді. Құтты болсын десек, ол кісі ренжіп, өкініп отыр:


-          Бәрі көзалдау, алаяқтық екен. Парижге бардық, жылдың ең үздік кәсіпкері деген атақты да, медалін де алдық. Бірақ бәрін де.. өз ақшамызға сатып алдық. Барған-келген шығындарымызда айналып келгенде өзіміз өтедік. Шақырған ресми ұйым, сараптау комиссиясы деген жалған болып шықты. Оның бірде-бірі ресми халықаралық ұйымдарда тіркелмеген, еш жерде мойындалмаған. Алаяқтар өз қолдарынан жалған                                                        сертификат, медаль жасап, оны біз сияқтыларға удай қымбатқа сатып пайда табады екен. Кеш білдік,-деді. Менің есіме сол кезде жоғары оқу орындарының басшылары жаппай шетелге «шақырылып» небір оқу орындардың «мүшесі», академик», «ең үздік ректор» деген сияқты мадақтармен оралып жатса, бірқатар облыс, қала-аудан әкімдері де «академик», «профессор» атанып жатты. Мұның салқыны біздің елде де бар. Қазір залдар мен кабиеттерден шынының арғы жағынан қаптаған марапат дүниелерін көрсем, бір күдіктене қараймын..


Меніңше, Елекеңде көптен бері мынау дулы дүниенің қатпар-қатпар қыртыстарына үңіліп, тоқыған, жанына маза бермейтін жағдаяттар аз емес-ау. Елекең жер еміп өскен азамат. Ғұмыр бойы табанымен қара жер басты. Егін шығатын кең даланың да, елдің аузы





Пікір жазу