01.01.2023
  239


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Көше сыпырушы

Бір күні таңертеңгі сағат сегіз жарымда жұмысқа қарай үлкен даңғыл жолда келе жаттық. Кейде сол жол бойында үстінде сары күртесі бар сыпырушылар жол жиегінде ары-бері тазалап жүретін. Бір мезетте шағын көлік кептелісінен кідіріп қалдық. Жол жиегіндегі құм аралас жапырақты бір жас қазақ жігіті сыпырып- сиырып жүр екен. «Қара жорғаның» әуенімен ыңылдап қояды. Өз тірлігіне өзі мәз. Қасындағы қоңыртөбел, қарабайыр орыс-қазақ еркек-әйелдер де басқамен шаруасы шамалы, тірлік жетегінде. Әйтсе де                                                                                                                    әлгі жігіттің осы бір әуенді кейіпі көңіліме жылы ұялағандай болды.                                                         Бір қызығы,     енді көшеден сары киімділерді көрсем, әлгі жігіт еске түседі. Анда-санда алыстан болса да көріп те қаламын.


Күндердің күні кешкілік жұмыстан қайтып келе жатып үлкен даңғылдың бойында көше сыпырушыларды алыстан көзім шалды. Байқаймын, жұмыстары аяқталып қалғанға ұқсайды, ішінде әлгі жігіт те бар, жан-жаққа тарап жатыр. Мен әуестігім ұстап, көлігімді алыстан тоқтатып, қарап отырдым. Бейтаныс жігіт сәлден кейін бөлініп шығып, жолдың қарсы бетіне өтті. Адымын алшаңдай басып , бір уақытта жол бұрылысына таман алаңқайдағы қап-қара жұтынып тұрған «Ланд Крузерге» жақындап келіп, қалтасынан кілтімен кабинасын ашып, секіріп мінді. Иә, көше сыпырушы жігіт «джипті » дүр еткізді де, жүріп кетті! Өз көзіме өзім сенбей тұрмын. Күннің көзінде, желдің өтінде, көрінгенге көзтүрткі емес пе, мынандай көлігі бар жігіттің мына жүрісі не жүріс?


Ақыры мені бір белгісіз білсем деген ынта-ықылас дамыл бермей, аңдып жүріп, бір күні онымен танысудың сәті түсті. Мынаны қараңыз, тығыншықтай қараторы жігіт ашық мінезді, сөйлегенде сөздің түбін түсіретін сабаз екен.


- Мен жеті атасынан қаракөк үзілмеген тұқымнанмын.-деді ол, куақылана – Арғысын айтпағанда, атам аттан түспеген, аудан басқарды, кеңшар директоры болып жүріп дүниеден озды.  Әкем көз жұмғанша банкир, ғұмыры ақша санаумен өткен.                       Әкеден жалғызбын. Шешем марқұм менің қас-қабағымды бағып дүниеден озды.    Үріп ішіп, шайқап төгіп өстім. Ержеттік, ел қатарлы үйлендім. Ұлым екі жасар еді. Сол екі жасында тілі тез шықты, оқи білді, санауды үйренді. Сірә, біздің тұқымның соңғы тектісі сол екен. Әйелім, байқұс жақсы адам еді. Жүргіушісі мас камаз көлігі тапа-тал түсте қағып, екеуі де тіл тартпай кетті. Бір жарым жылдан кейін тағы үйлендім. Бұл әйелім ішкілікке әуес, қыдырымпаз болып шықты. Бірақ ақылы бар екен, бет жыртыспай ажырастық. Енді қазір үйлену дегенді шорт кестім -қойдым. Ал керек болғанда бел босатау – бүгінде мендейге шаруа емес. «Пәленшенің ұрпағы жоқ», «Түгеншенің тұқымы осымен бітті» дегенді де талай естідім. Дұрыс емес, бұл!                                Жөнсіз айыптау, кемсіту.       Біз пақырды қойшы, өз кіндігінен тұяқ қалмай                                Шоқан Уәлиханов,                   Ахмет Байтұрсынов,    Мұстафа Шоқай, Дінмұхаммед Қонаевтар да өтті. Бірақ олар өкінді деген сөз шыққан жоқ секілді.. Тіпті бұл тағдыр, пешенедегі жазу дегендікке сайып, оған мән де бермеген. Кім біледі, олар өзінен артылар енді текті тұқым болмайтын сезеді ме екен?!. Ендеше жай бір жетесіз ұрпақты өсірем деп бір-ақ рет сүретін өмірін неге босқа сарп етуі керек? Одан да бұдан анағұрлым алашқа пайдалы да құнды іспен айналысқан бұл кісілердікі шынында да данышпандық! Ал мен.. жақсыдан жаман туған немемін. Жаңа айттым, менен туған тектіні ажал жапырып жіберді. Өмірдегі адамға қызметті енді қалауыма қарай істеймін.


- Сен қандай оқуды бітіргенсің?


-      .. Алматыда КазМУға түскем, тастап кеттім. Бірақ әкем әперген диплом бар -«жоғары білімдімін».                      Ата-анамнан қалған үй-жай, дүние- мүкаммал жетіп артылады. Осынау салулы құлпы, соғулы қорғаны бар зәулім коттеджге өзім қожа. Екі жаңа көлік, кассада ақша дегендей, жағдайым жақсы. Шашып-шалқи да аламын. Арақ-шарап ішіп, қыз-қырқынмен у да-ду. Бәлкім, естіген шығарсыз, бір кеште бірер сағатта бір миллион теңгені шашып жіберген сабазың, мына мен, көкесі. Бірақ сөйтім жүріп, өзім өлетін


 





Пікір жазу